Кейс: «Құрылысты бастауға бола ма?» Жағдаят Құрылыс компаниясы Атырау қаласында 16 қабатты, екі кіреберісті тұрғын үй құрылысын жоспарлап отыр. Тапсырыс беруші жер учаскесін дайындап, жобалау ұйымымен шарт жасасты. Жобалаушы жобалық құжаттаманы әзірледі. Алайда құрылыс-монтаж жұмыстарын бастамас бұрын құрылыс объектісіне қажетті нормативтік-техникалық және рұқсат беру құжаттарының бар-жоғын тексеру қажет. Студенттерге келесі құжаттар ұсынылған: 1. Жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттар. 2. Сәулет-жоспарлау тапсырмасы (СЖТ). 3. Инженерлік-геодезиялық және инженерлік-геологиялық ізденістер. 4. Жобалық құжаттама. 5. Сметалық құжаттама. 6. Сараптаманың оң қорытындысы. 7. Құрылыс-монтаж жұмыстарын бастауға қажетті рұқсат беру құжаттары. 8. Жұмыс құжаттамасы. 9. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтер. 10. Мердігер ұйыммен жасалған шарт. Студенттерге тапсырма 1. Құрылыс басталғанға дейін қандай құжаттарды тексеру қажет екенін анықтаңыз. 2. Құжаттарды құрылыс кезеңдері бойынша бөліңіз: Изображение 3. Кейс бойынша негізгі сұраққа жауап беріңіз: Изображение Мердігер ұйым құрылыс-монтаж жұмыстарын тек дайын жоба негізінде ғана бастай ала ма? Неліктен? ​ 4. Жобалау және құрылыс кезінде қолданылатын кемінде 3 нормативтік-техникалық құжаттың түрін атаңыз.   Орындау форматы ПРЕЗЕНТАЦИЯ